Мысалы, өткен тәулікте облыс аумағында 27 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Талғар ауданында – 7, Текелі қаласында – 5, Жамбыл, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында – 3, Ескелді, Панфилов және Ұйғыр аудандарында 2 жағдай тіркелді. Сондай-ақ осы аралықта 203 адам емделіп, ауруханадан шыққан екен. Өңірдегі медицина мекемелерінде 485 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде ауруханаларға 15 адам түскен. Ал ауруханалардағы төсектік орын саны – 2 780 шамасында. Қазір соның 17,4 пайызы бос емес. Оның ішінде жансақтау бөлімінде 22 адам жатыр. Сондай-ақ соңғы 3 күнде 4 794 адамның ПТР сынамалары зертханаларда тексерілген.
Жалпы, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 990 911 адамды құрады. Соның ішінде бір күн аралығында екпе алғандар саны – 2 855 тұрғын шамасында. Ал екпенің екінші компонентін 891 567 адам салдырып үлгерген екен.
Алматы облысы