«Жұдырықтасу WBO-ның чемпиондық (уақытша) титулы үшін болады.
WBO президенті екі боксшының промоутеріне 10 күн ішінде жекпе-жекке келісу туралы хат жолдады. Бұйыртса 10 күнде біраз нәрсе белгілі болады.
Екі тарап келісімге келсе, мексикалық та Андраде сияқты басқа салмаққа кетіп(қашып) кетпесе бұл біз үшін супер жекпе-жек болады. Себебі Хейми атағы жағынан мексикадағы Канелодан кейінгі орында. Бокс әлеміне танымал. Жеңілмеген жұлдыз! Рекорды 39-0. Оның 31-ін нокаутпен ұтқан», деп жазды қазақстандық кәсіпқой боксшының PR менеджері Берік Сұлтан әлеуметтік желіде.
Жәнібек Әлімханұлы мексикалықтардың келісім беруін ғана күтіп отыр.