Аймақтар • 23 Ақпан, 2022

Шымкентте үш ауысымды мектептер саны азаяды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте үш ауысымды мектептер саны азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте үш ауысымды мектептер саны азаяды

Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 75 015 орынға арналған 77 мектеп салу жоспарланған. Оның 54-і мемлекет есебінен болса, 4-уі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, ал 19 мектеп жеке инвесторлар есебінен бой көтермек.

Биылғы жылы 10 540 орынға арналған 16 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қалада құрылысы жүріп жатқан 11 мектептің есебімен жекеменшік білім мекемесінің саны 62-ге жетеді.

Жеке мектептер санын көбейту - бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге, орын тапшылығын азайтуға, білім сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Ал, бұл инвестор үшін тұтыну кепілдігі бар табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес жоба болып табылады. Ал, биыл бюджет есебінен 5 мектептің жанынан қосымша ғимараттардың құрылысы жүргізілуде.

Жаңа нысандар пайдалануға берілген тұста қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді. Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер және мектебі жоқ шағын аудандар мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын (дефицит) 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.