Қоғам • 23 Ақпан, 2022

Жеңілдетілген автокредиттің шарттары жарияланды

5572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемін және шарттарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілдетілген автокредиттің шарттары жарияланды

«Жасыл даму» АҚ-сының (бұрынғы даму «РОП операторы» ЖШС) есепшоттарында 200 миллирд теңгеден астам қаржы қалды.

«Осы қаражат халық игілігі үшін жұмсалуы қажет. Осы ақшадан 100 миллиард теңгені отандық көлікті сатып алуға арналған жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бөлінеді», деді Скляр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында. 

Вице-премьер бағдарлама шарттарын да айтты.

«Автокредиттің жылдық мөлшерлемесі 4 процент болады. Ал алғашқы жарна болмайды. Кредиттің мерзімі 7 жыл. Жеңілдетілген автокредит қымбат емес көліктерге беріледі. Осылайша, 71 мың адам жаңа көлікті қолжетімді бағамен ала алады», деп атап көрсетті Скляр.

Айта кетейік, бұған дейінгі автокредит бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз, ал мерзімі 7 жыл болған. Бірақ алғашқы жарнасы ретінде 20 пайызын құю міндетті еді. Сосын 15 миллионға дейінгі көліктерді рәсімдеуге мүмкіндік берілген.