Болгарияның Пловдив қаласында грек-рим күресінен жастар арасында өткен «Петко Сираков-Иван Илиев» XVII халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы хабарлады.
Аталған сайысқа Әзербайжан, Болгария, Хорватия, Венгрия, Жапония, Қазақстан, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Түркіменстан мен АҚШ құрамасының балуандары қатысты. Осы додада сегіз салмақтың жетеуінде қазақ балуандары 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медальді иеленді. Турнирде Қанағат Ақылбек 50 кило салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ол финалда отандасы Мейрамбек Нәдірбаевтан басым түскен болатын. Нәдірбаев сәйкесінше күміс жүлдеге ие болды. Ал 74 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Темірлан Шадукаев бас жүлдені иеленіп, Мирас Баршалықов күміс медаль алды. Сондай-ақ, тағы екі күміс жүлдені Дамир Зарлыханов (55 кг) пен Мансұр Шадукаев (120 кг) иеленді. Ал Рамазан Мұстафаев (74 кг), Мейрамбек Айнағұлов (60 кг) пен Вячеслав Фатеев (66 кг) қола медальді қанағат тұтты.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: confederation.kz
Фото: www.1 news.az.

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше