«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.
Бұған дейін желіде соңғы үш жылдан бері ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді.