
Байрақты бәсекеде ондаған елдің жүздеген жас перілері сынға түсті. Жаһандық додада бірнеше қарсыласымен күш сынасқан Ерсен Станбек білек күшінің басым екенін айқын көрсетіп, жеңістің биік тұғырынан көріне білді. Он бірінші сыныптың оқушысы алдағы уақытта жеңісті жорығын жалғастыра беру жолында еңбектенбек.