– Біздің орталықта тәрбиеленетін ерекше балалар жылыжайда гүл мен көкөніс өсіреді. Мұны балалардың ой-өрісін кеңейту, ұсақ моториканы дамытып, қоғамға бейімделуі үшін қолға алдық. Жақында балалар өздері өсірген қиярдың алғашқы өнімін жинады, – дейді орталық директоры Анар Аюпова.
Қазір орталықта 78 бала емделіп жатыр. Орталықтағы асханада балалар тағамның түр-түрін дайындайды.
– Жылыжай мен бақшадан алынған өнімдерді сатылымға шығаруымыз мүмкін. Өйткені бұл балалардың сату, қаржыны басқару дағдыларын үйренуіне ықпал етеді. Балалар құстарды да жақсы көреді. Сол себептен, құс шаруашылығын ашуды жоспарлап отырмыз, – дейді педагог-дефектолог Сара Қуанышова.
Атырау облысы