Әлем • 24 Ақпан, 2022

Қырғызстан Президенті Украинадағы жағдайға алаңдаулы

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өзінің Facebook парақшасында Украинаның шығысында орын алған жағдай жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан Президенті Украинадағы жағдайға алаңдаулы

«Мен Донбасс төңірегіндегі жағдайды үздіксіз бақылап отырмын. 

Қырғыз Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қолдауын тапқан қақтығысты реттеу жөніндегі Минск уағдаластығының жалғыз құжатына әрқашан сүйенген.

Өкінішке қарай, құжат талаптарының орындалмауы қазір болып жатқан қиын жағдайға әкелді.

Туындаған жағдайды тек бейбіт дипломатиялық жолмен шешіп, адам құрбандарын болдырмау мақсатында келіссөздер ұйымдастыру қажет деп ойлаймын.

Себебі адам өмірі - жер бетіндегі ең құнды нәрсе.

Жанжалды одан әрі ушықтыруға жол бермеу үшін жағдайды реттеу кезінде барынша сақтық пен ұстамдылық танытуға шақырамын.

Мүмкін, бұл Ресей азаматтарының көпшілігі тұратын Донбасс аумағының бейбіт тұрғындарын қорғау үшін қажетті шара болған шығар.

Қандай да бір мемлекетті мойындау кез келген елдің егеменді құқығы болып табылатынын атап өткім келеді», деп жазды Садыр Жапаров.