Бұрын мегаполистің дайын өнімдері 6 елге жеткізілетін болса, қазір оның саны 9-ға өсті. Өткен жылы Грузия мен Украина елдеріне трансформаторлар, Беларусь мемлекетіне жиһаз бен төсек-орын жабдықтары алғаш рет жеткізіле бастады.
Тағы төрт көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы көшбасшылар үштігіне енді. Өткен жылы 23 жаңа дайын тауарлар және 5 жаңа шикізат тауарлары экспортталды. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 1 млрд 905 млн АҚШ доллар. Оның ішінде, экспорт - 573,5 млн АҚШ долларын құрап тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға өсті.