Еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарынан елуге жуық жас жүйріктер қатысатын айтысқа ASSYLTAS қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеев қаржылай қолдау көрсетуде.
Айтыстың құрметті қонақтары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры, белгілі айтыскер Ринат Зайытов, «Айтыстың ақтаңгері» Еркебұлан Қайназаров.
Сөз бәйгесін айтыскер ақын, О.Досбосынов атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Шұғайып Сезімханұлы жүргізеді.
«Менің пірім – Сүйінбай» республикалық жас ақындар айтысының мақсаты – айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың суырыпсалмалық қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкүндік жасау және Ұлт ұстазы, ұлт мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын жас ақындардың жырына арқау ету.
Айтыстың іріктеу кезеңі: 2022 жылдың 2 наурызы күні Абай атындағы ҚазҰПУ бас оқу ғимаратының 225 конференция залында.
Ақтық кезеңі: 2022 жылдың 3 наурызы күні «Алатау» дәстүрлі өнер театры.
Екі күнде де сағат:11:00 де басталады.
Аяна Тоғанбек