Хоккей • 24 Ақпан, 2022

«Барыс» «Динамодан» жеңілді

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гагарин Кубогының плей-офф матчтарына дайындық барысында қазақстандық «Барыс» хоккей клубы үш жолдастық кездесу өткізді. Олардың барлығы Ресей астанасы Мәскеуде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» «Динамодан» жеңілді

Бүгін, 24 ақпанда өткен соңғы жолдастық матчта қазақстандықтар мәскеулік «Динамодан» 3:6 есебімен ұтылды.

«Барыс» сапында Егор Петухов, Никита Михайлис және Аркадий Шестаков нәтижелі шайбалармен көзге түсті.

Осылайша, мұз иелері «Барыстан» кешегі жеңіліс үшін кек алды.

Еске сала кетсек, қазақстандық хоккейшілер Мәскеудегі бірініші ойынында «Спартак» клубын 7:2 есебімен жеңді.

Енді «Барыс» келесі ойынын 1 наурыз күні сырт алаңда «Металлургпен» өткізеді, Бұл плей-офф раундының алғашқы кездесуі болмақ.