Президент • 24 Ақпан, 2022

Қазақстан Президенті Мысыр Араб Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мысыр тарапының бастамасымен ұйымдастырылған әңгіме барысында Президенттер екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқыға салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Мысыр Араб Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынастарының тамыры терең болғанымен, екі ел арасындағы заманауи дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл толғанын атап өтті. Осы мерзім ішінде екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланыстарының әлеуеті әлі де толық көлемде пайдаланылмай отырғанына назар аударып, мысыр тарапын сауда-экономика саласындағы ықпалдастықты дамытуға шақырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдірген Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси мен барша мысыр халқына алғысын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанын айтты.

Әңгіме соңында Мемлекет басшысы Мысыр Президентін Қазақстанға өзіне қолайлы мерзімде сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35