Түркия Біріккен Араб Әмірліктеріне түрік мафиясының көшбасшысы Седат Пекерді репатриация жасау бойынша өтініш жіберді. Оған Интерпол қызыл ескерту берген болатын.

Түркия Әділет министрлігі 1 ақпанда халықаралық ұйым аталған ескерту бойынша қарар қабылдағаннан кейін осындай қадамға барған.
Елу жасқа келген Пекер 90-жылдардың соңында танымалдылыққа ие болды. 2007 жылы бірқатар қылмыстық топ құрғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын ғана бостандыққа шықты.
Түркия билігі былтыр сәуірде Пекерге қатысты тергеуді қайта бастаған-ды. Ал Пекердің өзі YouTube платформасында канал ашып, видео жариялап, миллиондаған қаралым жинады. Видеоларында Седат Пекер «лауазымды тұлғалардың жұмысына қатысты пікір білдіріп, олардың қылмыстарын әшкерелеймін», дейді. Бейне көріністер БАӘ-де түсірілген.
Пекерді Дубай полициялары тергеуге алып, алайда кейіннен босатты. Содан бері каналында бейне жазба жарияламады. Пекердің өзі Дубай полициясы әзірге еш видео түсірмеуін сұрады дейді. Оның басқа желілердегі белсенділігі де тоқтады.
Ұлттық банк валюта бағамын белгіледі
Қаржы • Бүгін, 09:31
Түркия үкіметінің жаңа құрамы таныстырылды
Әлем • Бүгін, 09:23
Еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:16
Мысырдағы жаңғырған Бейбарыс сұлтан мешіті
Саясат • Бүгін, 08:59
Мереке • Бүгін, 08:54
Қазақстан – Еуропалық одақ: Ірі сауда серіктестігі
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Ұқсас жаңалықтар