Қазір ол 700 мыңға жуық құртты өсіріп отыр. Құрттарды Ресейден алдырған.
– Бұл – өте сезімтал жәндік. Баптап жүрген иесін таниды. Бөтен адам келсе, мазасызданғанын байқаймын. Құрттарды өсіру үшін ерінбеу керек, – дейді Қонысбай Тәжібаев.
Оның айтуынша, жауынқұрт күбірде өседі. Сол себептен, малдың тезегін таза сумен шайып, аммиак қышқылынан тазартады. Сөйтіп, оны биогумусқа айналдырып, құрттарды жібереді.
– Жауынқұрт ылғалды жақсы көреді. Оған жемтік ретінде қағаз қалдықтары мен қураған жапырақты саламын. Арнайы орынның температурасы +15-тен +25 градус аралығында болуы керек. Ал қыста 70 см тереңдікке өседі, – дейді құрт өсіруші жігіт.
Енді Қонысбай Тәжібаевтың құрт өсіру ісін кеңейтпек ойы бар. Өйткені оған балықшылардан сұраныс артып отыр. Құрт өсіруге қажетті күбірдің бір қапшығын 500 теңгеден сатып алады.
Атырау облысы