Әлем • 25 Ақпан, 2022

Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкция қолдануды мақұлдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады

Вашингтон Мәскеудің доллар, фунт және йенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектемек. Сондай-ақ Байден штаттар ВТБ-мен қоса алғанда төрт ірі банкке тосқауыл қоятынын айтты.

«Бірігіп шамамен 1 триллион долларды бақылайтын ресейлік банктерге санкция салып жатырмыз. Ресейлік банк активтерінің үштен бір бөлігінен астамына иелік ететін ең ірі ресейлік банкті америкалық қаржы жүйесінен ажыратамыз», деді Байден. 

Сондай-ақ АҚШ пен одақтастары Ресейдің жоғары технология өнімдері импортын 50 пайызға шектейтінін де айтты. Санкциялар Ресейдің ең ірі мемлекеттік компаниялары, ресейлік ғарыш бағдарламасы облигацияларына да әсер етеді.