Әлем • 25 Ақпан, 2022

Украина Президенті жаппай мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған құжат мемлекеттің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украина Президенті жаппай мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды

Мобилизациялау Винница, Волын, Днептропетров, Донецк, Житимор, Закарпат, Запорожье, Ивано-Франковск, Киев, Кировоград, Луганск, Львов, Николаев, Одесса, Полтава, Ривненск, Сумы, Тернополь, Харьков, Херсон, Хмельницкий, Черкас, Черновцы, Чернигов облыстары мен Киев қаласының аумағында жүретін болады. Ол жарлық күшіне енген күннен бастап 90 тәулік ішінде жүреді.

Сондай-ақ Жарлықта әскери міндеттілерді, резервистерді шақыру және Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, Украинаның қауіпсіздік қызметінің, Мемлекеттік шекара қызметінің, Мемлекеттік арнайы көлік қызметінің, Мемлекеттік арнайы байланыс және ақпаратты қорғау қызметінің, Украинаның басқа да әскери құрылымдарының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарын тарату қарастырылған.