Қазақстан • 25 Ақпан, 2022

Дариға Назарбаеваның мәлімдеме жасағаны рас па?

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өз мандатын тапсырғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дариға Назарбаеваның мәлімдеме жасағаны рас па?

«Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінде Дариға Назарбаеваның өтініші туралы ақпарат жоқ. Еске салсақ, бүгін отандық БАҚ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева мандатын тапсыратыны туралы ақпарат таратқан болатын. Әдетте ондай өтініш Орталық сайлау комиссиясына түскен жағдайда комиссия отырысында қаралып ол туралы мәлімет бірден сайтта жарияланады», деп жазылған ОСК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.