Аймақтар • 25 Ақпан, 2022

Шығыс Қазақстанда 50-ден астам қарағай заңсыз кесілген

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағайды заңсыз кескен ШҚО тұрғыны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда 50-ден астам қарағай заңсыз кесілген

Ақпан айының басында Риддер қаласының полиция басқармасы кезекші бөліміне ШҚО және табиғатты қорғау ресурстары басқармасынан Бутаков орманшылығында 52 қарағай ағашын заңсыз кесу ісі анықталғаны туралы хабар келіп түсті.

Келтірілген залал 450 000 теңге. Қылмыс орнына келген тәртіп сақшылары табиғатқа зиян келтірген 45 жастағы Глубокое ауданының тұрғынын ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 340  бабы 2 бөлігі «ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру»  қылымыстық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.