Әлем • 25 Ақпан, 2022

Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанға барған сапарын ерте аяқтады

1965 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 ақпан күні Өзбекстан президенті Қарақалпақстан Республикасындағы сапарын  мерзімінен бұрын аяқтап, Ташкентке шұғыл түрде оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанға барған сапарын ерте аяқтады

Еске салсақ, 23 ақпанда Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан Республикасындағы өңірлердің жағдайымен және халықтың өмірімен танысу үшін барған.

«Бұл сапардың алдыңғы сапарларынан айырмашылығы, осы сапар алғаш рет үш күнге созылған. Арал өңірін дамытуға күш біріктіру үшін Қарақалпақстанның әрбір ауданы бір облысқа бекітілген» деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

24 ақпанда Мемлекет басшысы Нүкүсте инвестициялық жобалар орталығының қызметімен танысты. Орталыққа өнеркәсіптің жетекші салаларының өкілдері бекітілген. Президентке Қарақалпақстан үшін жоспарланған салалық жобалар туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, Арал өңірін бірлесіп дамыту үшін облыстардың хокимияттары тартылды. Олар Қарақалпақстанның әрбір ауданы бойынша жобалар әзірледі. Орталықта осы жоспарлардың тұсаукесері өтті.

Осымен Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан Республикасына сапарын аяқтап, Ташкентке келді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35