Жекпе-жек • 26 Ақпан, 2022

Конор Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор октагонға қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Конор Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты

«Жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Оливейра бір-екі ай күте тұрса болады. Менің ойымша шілде айында жағдайым жақсара түседі. Егер мен сәуір, мамыр, маусым және шілде айларында жаттығуда жұптық жекпе-жектер өткізе бастасам, жеңіл салмақтағы талай жігіттерді орнына қоя аламын. Жаттығу процесіндегі шайқастарды төбелеске айналдыруға бейіл тұратыным қаперлеріңізде болсын», деді спортшы.  

Соңғы рет АҚШ спортшысы Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңілістің ащы дәмін татқан Конор Макгрегор аяғынан ауыр жарақат алған еді. Ол жарақаты жазылғаннан кейін жекпе-жек әлеміне оралмақ.