Қазақстан • 28 Ақпан, 2022

Эвакуация: Бүгін қазақстандықтардың алғашқы легі елге жеткізіледі

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинаның Катовице қаласынан Атырауға дейін ұшатын алғашқы репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақытымен 15:30-ға белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эвакуация: Бүгін қазақстандықтардың алғашқы легі елге жеткізіледі

Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Украинадағы және Польшадағы елшіліктерімен, сондай-ақ «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп, Қазақстан азаматтары үшін Украинадан репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады», деп хабарлады ведомство.

Қазақстандық азаматтарды шығару бойынша КС 2203 алғашқы рейсі Атыраудан Катовицаға (Польша) 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі А321 (сыйымдылығы 179 орындық).

«Катовице қаласынан Атырауға ұшудың жоспарланған уақыты 28 ақпан сағат 10:30-да (Катовице уақытымен)», деп қосты ведомство.