28 ақпан күні сағат 01:03-те Қарағанды қаласы Затаевич көшесіндегі ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Алтын Арба» базарының аумағында тез тамақтануға арналған үш дәмхананың ағаш қаптамалары, жылытқыш материалдары, жиһаздар, жабдықтар және асханалық керек-жарақтары жанды. Өрттің жалпы ауданы - 500 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 01:52-де сөндірілді», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 52 қызметкері мен 15 техникасы жұмыс істеді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.