Әлем • 28 Ақпан, 2022

Ресейлік ұшақтар үшін Еуропаның әуе кеңістігі жабылды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа Одағы ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістігін толығымен жауып тастады. Бұл шешім 27 ақпан, жексенбіде ЕО СІМ басшылары қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік ұшақтар үшін Еуропаның әуе кеңістігі жабылды

Бұған дейін Брюссель тарапынан осындай жоспарлар туралы Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен де хабарлаған болатын.

«Біз ресейлік ұшақтар үшін ЕО Әуе кеңістігін жабамыз. Ресейде тіркелген немесе Ресейдің бақылауындағы барлық ұшақтардың ұшуына тыйым саламыз. Бұл ұшақтар ЕО аумағы арқылы ұша алмайды», деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.

Аталған шешім тек әуе кеңістігіндегі жолаушыларға емес, сонымен қатар, бизнес-джеттерге де қатысты. Шектеу Еуро Одақтың барлық елдерінде қолданылатын болады.

Аяна Тоғанбек