Туризм • 28 Ақпан, 2022

Қазақстанның туристік имиджі қалпына келтіріледі

686 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев еліміздің туристік имиджі қалай қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның туристік имиджі қалпына келтіріледі

Бұл туралы ол Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты.

«Биыл бізге еліміздің туристік имиджін халықаралық деңгейде қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Екі маркетингтік науқан өткізу жоспарлануда. Бірінші жоба ТМД елдерінің нарығына, ал екінші жоба алыс шетелдерге бағытталған», деді Дәурен Абаев.

Ол екі жылдық үзілістен кейін БАӘ, Польша, Катар, Германиядағы халықаралық көрмелер мен роад-шоу ұйымдарына қатысу қайта жаңғыртылатынын айтты.

Министр 2022-2025 жылдарға арналған 5 мың шетелдік делегаттың қатысуымен 12 MICE іс-шара өткізілгені расталғанын, сондай-ақ Қазақстанға халықаралық іс-шараларды тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Әрбір екінші іс-шара туристік әлеуетті дамытуға арналады.

«Саланы цифрландыру және маркетинг жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Шетелдік туристерді орналастыру орындарында есепке алу бойынша Ұлттық компания әзірлеген e-Qonaq өнімі серпінді цифрлық шешімге айналды. Шын мәнінде, ол көші-қон органдары үшін өзекті ақпаратты ұсынады және нақты уақыт режимінде туристер үшін статистикалық кесуді ұсынады», деп қосты министр.