Қоғам • 28 Ақпан, 2022

WhatsApp шынымен де істемей қалды ма?

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Қазақстан аумағында WhatsApp мессенджерінің жұмысы тоқтатылатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

WhatsApp шынымен де істемей қалды ма?

Бұл хабарды таратқан автордың айтуынша, еліміздің білім ордаларына бұл туралы ресми хабарлама жіберілді.

ҚР БҒМ мұндай хабарламаларды білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге жібермегендерін нақтылады.

«Министрлік мұндай ақпаратты білім беру ұйымдарына жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтарды біз әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ сайтында жариялаймыз», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мессенджер Қазақстан аумағында қолжетімсіз болады деп ойлауға ешқандай негіз жоқ.

«Мұндай хабарламалар Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да болған жоқ», делінген Stopfake.kz хабарламасында.