Әлем • 28 Ақпан, 2022

Қазақстан Елшілігі тағы 34 азаматты Киевтен Польшаға алып шықты

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Украина астанасындағы Елшілігі 34 азаматты Польша шекарасына алып шықты. Олар сол елден Қазақстанға арнайы рейспен қайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Елшілігі тағы 34 азаматты Киевтен Польшаға алып шықты

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге 179 орындық ұшақ Польшаға аттанған болатын.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Жетібаевтың хабарлауынша, түске дейін Украина-Польша шекарасынан 241 адам өткен.

Олардың алғашқы легі бүгін түнде Алматыға жеткізіледі.