Жетпістегі қария мен жеті жасар баланың тілін таба білетін, жан-жақты ізденімпаз, ер-азаматқа сай ерік, жігерлі, мұғалімдерге талапшыл, оқушыларға қамқор жан.
Мектеп басшысының білім жолында жеткен жетістіктері жетерлік. Менің айтқым келгені – оның адамгершілік қасиеттері, қайырымдылығы, азаматтық ұстанымы. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын...» демекші, қайырымды істің басы-қасынан табылатын ол «Мектепке жол» акциясы аясында қаншама аз қамтылған көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету ісін үнемі қолға алып келеді. Достық ауылы қарияларының ақ батасы мен ыстық ықыласына бөленген басшы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында әлі талай белестерді бағындырары сөзсіз.
Мерейлі мереке Алғыс айту күнінде ел батасы мен алғысын алып жүрген Жамиля Амантайқызы жайлы бір үздік сырды сіздермен осылайша бөлісуді жөн көрдім.
Нұрбол ДОСАНОВ,
Достық ауылының тұрғыны
Түркістан облысы,
Сарыағаш ауданы