Медицина • 01 Наурыз, 2022

Шұғыл операцияның шарапаты

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық перинаталдық орталық директорының мін­детін атқарушы Қ.Ермағамбетовтің мәліметінше, осы кезге дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы 224 операция жасалған. Оның ішінде 124 жоспарлы, 100 шұғыл ота бар.

Шұғыл операцияның шарапаты

– Шұғыл отаның бірі жүк­тіліктің 32-аптасын өткеріп жүр­ген әйелге жасалды. Ол орта­лыққа 25 қаңтарда түскен еді. Сол кезде оның жағдайы ауыр болды. Оған «Ауыр дәрежелі преэклампсия. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура. Ане­мияның ауыр дәрежесі» диаг­нозы қойылды. Сол себептен, жансақтау бөлімшесіне жат­­қызылды. Жүкті әйелдің жағ­дайының ауырлығына бай­ланыс­ты №1 облыстық ауруха­наның мамандарымен консилиум өт­кіздік. Кейін оны елордадағы «Ана мен бала ғылыми орта­лы­ғына» жеткізу туралы шешім қа­­былданды. Алайда одан коро­навирус инфекциясының бел­гісі анықталып, облыстық пери­наталдық орталықта шұғыл ота жасалды, – дейді Қ.Ермағамбетов.

Өмірге салмағы 1 кило 940 гр, бойы 45 см бұрымды келген. Нәрестеге бастапқыда орта­лықтың жансақтау бөлімінде ем-дом көрсетіліпті.

– Кейін сәбиден де қауіпті вирустың белгісі табылды. Жағ­дайы тұрақтанғаннан кейін №2 облыстық ауруханада ем қабылдады. Содан соң үйі­не шығарылды. Облыстық пер­зентха­наның мамандары күрделі отаны сәтті жасап, ана мен бала­ның өмірін сақтап қалды, – дейді Қ.Ермағамбетов.

 

Атырау облысы