Өйткені қазіргі таңда теледидар тетігін басып қалсаң да, радиоқабылдағыштың құлағын бұрап қалсаң да әртүрлі мағынадағы алуан жарнамалар жан-жақтан андағайлап шыға келеді. Ондайда өз-өзіңнен қапа болып, ренжігеннен басқа амалың қалмайды. Бірақ қанша ренжіп, қапаланғаныңмен, көріп отырған хабарыңды не болмаса тыңдап отырған жаңалығыңды үзіп тастай алмайтының тағы анық. Сондықтан қайтадан теледидарға телміресің не радиоға құлағыңды түресің.
«Қазақстан» ұлттық арнасынан «Қызық екен» бағдарламасын тұрақты түрде көретін көрермендердің бірімін. Және бұл телебағдарламаны қызықтайтын аудитория да аса аз емес қой деп топшылаймын. Осы арада айтайын дегенім, әлгі телебағдарламаны тамашалап отырғанда, оны әр 15 минут сайын үзіп тастап, жарнама беріп, әбден жүйкеге тиіп бітетінін қайтерсің.
Рас, жарнама – қаржы табудың бір көзі. Оны жақсы түсінеміз. Алайда оны реттеудің бір жолын табуға неге болмасқа? Айталық, белгілі бір уақыт кестесіне сәйкестендіру не болмаса таңғы, түскі, кешкі уақыттарда арнайы бір мезгілде өз алдына жарнамалық хабарлар жүйесін ашу. Қалай болғанда да жарнама беруді бірізділікке түсірмесе болмайды.
Тілек сол – жарнама жүйкеге тимеуге тиіс.
Кәрібай ӘМЗЕҰЛЫ,
зейнеткер