«Astrabus қосымшасына енді қолдау көрсетілмейді және ол жаңартылмайды. Бұл қосымша біздің компанияға емес, үшінші тарап әзірлеушілеріне тиесілі екенін атап өтеміз. Балама ретінде Сіздерге елордалық автобустардың бағыттарын қадағалауға көмектесетін тиісті қосымшалардың тізімін арнайы таңдадық: 2gis, Yandex. Карталар. Олардың көмегімен сіз автобустардың қозғалысын қадағалап, олардың қозғалыс үлгісін қарай аласыз, сапарыңыз үшін жақсы жолды таба аласыз.
Атап өтейік, бұл қосымшалардың барлығы да үшінші тарап әзірлеушілеріне тиесілі. @cts_kz олардың жұмысы үшін жауап бермейді. Осы тізімнен өзіңізге ыңғайлы кез келген қосымшаны телефоныңызға жүктеп алып, қалалық қоғамдық көлік қозғалысын бақылаңыз. Қосымшаларды Play Market және App Store дүкендерінен жүктеп алуға болады», - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.