Саясат • 01 Наурыз, 2022

«Аманат партиясы»: Ерлан Қошанов Nur Otan атауын өзгертуді ұсынды

1060 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аманат партиясы»: Ерлан Қошанов Nur Otan атауын өзгертуді ұсынды

Жиын барысында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын «Аманат» деп  өзгертуді ұсынды.

Егер ұсыныс бірауыздан мақұлданса, партия ендігіде «Аманат партиясы» деп аталатын болады.

Еске салсақ, бүгінгі жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, орталық мемлекеттік ұйым жетекшілері, өңірлердегі филиал төрағалары мен фракция депутаттары қатысып отыр.