Қазақстан • 01 Наурыз, 2022

Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасына тексеріс жүргізіледі

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan-ның атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның кезектен тыс XXII съезінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасына тексеріс жүргізіледі

Ол партиялық бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Ораловтың айтуынша, жауапкершілік - партияның басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала береді. Сайлау алдындағы уәделерді сапалы әрі уақтылы орындауға ерекше назар аударылуға тиіс.

«Сәуір айында республикалық сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексеру қорытындысы бойынша Мәжілістегі фракцияның кеңейтілген отырысын өткізу ұсынылады, онда Премьер-Министрдің есебі тыңдалады. Бұдан әрі осындай жұмысты өңірлерде жүргізуді ұсынамыз. Мұны практикаға жүйелі негізде енгізу қажет деп санаймын», деді Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы.

Сонымен қатар, Жол картасының әлеуметтік сезімтал бөлімдерін бюроның әрбір мүшесіне, ал нақты индикаторларды - партияның барлық деңгейдегі саяси кеңестерінің мүшелеріне бекіту ұсынылады. Кешенде бұл шаралар партия басшылығының барлық деңгейдегі жеке жауапкершілігін арттырады.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Президенттің төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі өтуде. Съезд жұмысына Қазақстанның әрбір өңірінен 399 делегат қатысуда.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралуда:

  • Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
  • Nur Otan партиясын жаңғырту.