Саясат • 01 Наурыз, 2022

Депутаттардың жұмысында жаңа стиль пайда болды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық қалаулыларына халықтың сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттардың жұмысында жаңа стиль пайда болды

«Халықтың Үкімет мүшелері мен әкімдерге деген сенім мәселесін көтеру керек. Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингтері, ең алдымен, дайындалған есептерге емес, нақты істерге, азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» партиясының XXII съезінде.

Президенттің айтуынша, барлық сайлау топтарына олардың жауапкершілік аясын кеңейту үшін фракция депутаттарының арасынан кураторларды бекіту қажет.

«Жақында Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап келді. Мен бұл жұмысты бақылап отырдым, олардың жұмысында жаңа стиль, жаңа мазмұн пайда бола бастады, бұл қазірдің өзінде көрініп тұр. Ресми отырыстар аз болды, сайлаушылармен тікелей байланыс көп болды. Депутаттар жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты мәселелеріне ене бастады. Мұндай тәсілді барынша нығайтып, дамыту қажет», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.