Футбол • 01 Наурыз, 2022

Лондондық клуб Балотеллиді қатарына қоспақ

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондондық «Фулхэм» футбол клубының басшылары италиялық шабуылшы Марио Балотеллиді команда сапына қосуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лондондық клуб Балотеллиді қатарына қоспақ

Балотелли бүгінде түркиялық «Адана Демирспор» футбол клубының намысын қорғап жүргені мәлім. Ал лондондық «Фулхэм» футбол клубы премьер-лигаға қайта оралудың қамына кірісті. Бүгінде төменгі лигада топ бастап тұрған «Фулхэм» футболшылары жаңа маусымды премьер-лигада бастауға құлшынып отыр. Жоғарғы топта ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізу үшін де команда басшылығы Марио Балотеллиге қызығушылық танытуда.