Білім • 01 Наурыз, 2022

Ресейлік ЖОО филиалдары: Келісім жобасы мақұлданды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен Ресеймен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын құру туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік ЖОО филиалдары: Келісім жобасы мақұлданды

Аталып өткендей, құжат:

  • ұзақ мерзімді ынтымақтастық және білім беру саласындағы интеграциялық өзара іс-қимылды тереңдету мүддесінде;
  • РФ аумағындағы ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарында және ҚР аумағындағы РФ жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарында білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында филиалдары құрылуы мүмкін білім беру ұйымдарының тізімін, сондай-ақ кәсіптердің, мамандықтардың және дайындық бағыттарының тізімін Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия анықтайды.

ЖОО-ның Қазақстандық филиалында білім алушылар білім туралы құжаттарды қазақстандық заңнамаға сәйкес, ал ресейлік филиалда-ресейлік заңнамаға сәйкес алады.

Филиалдың білім беру қызметін лицензиялау және аккредиттеу мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Үкіметі тарапынан келісімге қол қоюға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов уәкілетті болып тағайындалды.