Оқиға • 01 Наурыз, 2022

Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, үш адам көз жұмды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Купчановка ауылында жеке тұрғын үйде болған өрттен үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, үш адам көз жұмды

«Бүгін, 01.03.2022 жылы Бұланды ауданының Купчановка ауылында 81 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт орын алды. Өрт сөндіру бөлімшесі келген уақытта үй толығымен отқа оранған. Оқиға орнынан 1976 ж,1987 жылғы екі әйел мен 1994 жылғы ер адамның мәйіті табылды», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Бір адам терезені сындырып шығып аман қалып, оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, үй иесі – 1976 жылы туған әйел отбасылық мерекеде, достарының арасында ұлының кәмелетке толғанын атап өтпек болған. Осылайша келген қонақтар өрт кезінде үй иесімен бірге қаза тапқан. Оқиға туралы кештетіп жеткен хабар өрттің тез таралуына әкелді, бірнеше минут ішінде үй толығымен отқа оранды», деді Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік-өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов.

Өрт 03:10-да ауыздықталып, 04:55-те жойылды. Макинск қаласының 8-МӨСБ-нан өрт шыққан жерге дейінгі қашықтық – 25 шақырым. Өрттің себебі мен қаза болу жағдайлары анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына ТЖД 11 қызметкері мен 3 бірлік техникасы шықты.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43