Қоғам • 01 Наурыз, 2022

Жаңа пәтерлердің бағасы қымбаттауы мүмкін

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы президентінің орынбасары Виктория Тен жылжымайтын мүлік пен құрылыс материалдарының бағасына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа пәтерлердің бағасы қымбаттауы мүмкін

«Жақын арада салынып жатқан жылжымайтын мүлік бағасына әсер ететін негізгі фактор бар. Тұрақсыз бағамға байланысты құрылыс материалдарының бағалары шарықтап кетуі мүмкін. Тиісінше, осы бағалардың өзгеруін ескеретін құрылыс салушылар салынып жатқан объектілердің де, алда жоспарланған объектілердің де бағаларын түзетуге мәжбүр болады», деді Виктория Тен.

Оның айтуынша, материалдар бағасының өсуінен кейін жұмысшылардың жалақысын арттыру мәселесі де ұзаққа созылмайды.

«Несиелік ставкалардың өсуі құрылыстың өзіндік құнына да әсер етеді», деп қосты ол. 

Десе де, бүгінгі күні сатуға мәлімделген жобаларды тоқтата тұру жағдайлары байқалмайды.

«Алайда, жақын арада күтілетін төмен сұранысқа байланысты бірқатар құрылыс салушылар іске асыруға жоспарланған жобаларды сатуды кейінге қалдырғаны белгілі болды. Бұдан басқа, құрылыс салушылардың өздеріне бүгінгі күні жобалардың өзіндік құнын есептеуді жүргізу және тиісінше іске асыру жоспарланған жобаларға бағаларды белгілеу айтарлықтай қиын», деді Виктория Тен.