Кәсіпқой бокс • 02 Наурыз, 2022

Головкин жаттығуға кірісті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегі алдында жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин жаттығуға кірісті

«Бірінші жұптық жекпе-жектердің сессиясы сәтімен аяқталды. Алда әлі үлкен көлемдегі жұмыстар күтіп тұр», деп жазды қазақстандық боксшы әлеуметтік желілердегі парақшаларында.

Геннадий 9 сәуір күні Жапония астанасы Токио қаласында орналасқан «Сайтама» спорт кешенінде жергілікті боксшы, WBA super белдігінің иегері Риота Муратамен жұдырықтасады.