Осыдан 23 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың 1 наурызында құрылған кезден бастап партия өз дамуында төрт кезеңнен өтті. 2006 жылға дейін партия еліміздің саяси жүйесіндегі маңыздылығын арттырды, 2013 жылға дейін билік партиясының мәртебесін қамтамасыз етті, 2017 жылға дейін ребрендинг пен модернизацияны жүзеге асырды, 2022 жылға дейін жұмыс әдістері мен тәсілдерін өзгертуде белсенділік танытты.
2022 жылдан бастап партия түбегейлі қайта құруды, жұмыстың іргелі қағидаларын өзгертуді алдына мақсат етіп қойды. Партияның кезектен тыс съезінде Президент Қ.Тоқаев партиялық басқаруда орталықсыздандыру, бюрократия мен қағазбастылықтан үзілді-кесілді бас тарту, партия фракциялары қызметінің тиімділігін арттыру міндеттерін қойды. Бұл міндеттерді жүзеге асыру нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Партияны жаңғырту туралы шешім уақыт талабына сай. Әлемдегі геосаяси шарттар өзгерді, күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасып, қоғамдағы саяси тұрақтылықтың маңызы арта түсуде. Осының аясында Amanat партиясы саяси жүйені жаңғыртудың драйвері ретінде әрекет етуі тиіс. Бұл дер кезінде қалыптасқан үрдіс және басқа партиялар да осы ұстанымды негізге алады деген үміт бар.
Партияны жаңғыртудың басымдықтары ретінде халықпен кері байланыс тиімділігін арттыру, ашықтық пен жариялылықты арттыру мәселелері қарастырылады. Мұндай көзқарас болашақта тек Amanat партиясына ғана емес, жалпы саяси институттарға деген сенімділікті арттыра алады. Бүгінгі таңда халықтың сенімі бұл маңызды фактор және партия электорат сенімін арттыру үшін қолда бар ресурстарды пайдалануға дайын.
Amanat партиясының жақын болашақтағы басым міндеттері – ішкі процестерді бағдарламалық құжаттарды жаңарту, жастар қанатының қызметін жандандыру, сонымен қатар халықпен байланыс тиімділігін арттыру. Президент Қ.Тоқаевтың 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауынан нақты мақсаттар мен міндеттердің тұжырымдауын күту заңдылық. Оларды жүзеге асыруға партия барынша белсенді атсалысады. Халық нақты нәтижелерге қол жеткізуді күтеді. Ол үшін партия жұмысының тиімділігін арттыру, халықтың партияның өзіне, жалпы еліміздің саяси институттарына деген сенімін арттыру қажет.
Партия қоғамдық кеңестерді оңтайландыруды, олардың санын қысқартуды, кеңестер құрамын жаңартуды, кеңес отырыстарын ашық өткізуді жоспарлап отыр. Қоғамдық қабылдауларда қызмет көрсетуге бағытталған тәсіл қолданылады, яғни партия белсенді іс-шараларды жүзеге асырып, алдын ала әрекет етуге талпынады. Съезде ауыл жастарына арналған «Өрлеу» партиялық жобасы мен «Қайсар» әскери-патриоттық жобасы таныстырылды. Көріп отырғанымыздай, партия өз қызметімен халықтың ауқымды бөлігі – балалар мен ересектерді қамтуды көздейді. Бұл үшін партияда барлық қажетті ресурс бар.
Amanat жоғары оқу орындарында студент жастармен белсенді жұмыс істеп, олардың арасынан белсенді жастарды тартуды көздеген Jas Otan жастар қанатының қызметін жандандыру міндетін қойды. Amanat партиясы ретінде өршіл жастар үшін де, азаматтық белсенділер үшін де тартымды. Партия трансформация бағдарламасын қолға алуда, соның ішінде Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда, немқұрайлы мансапқорлардың орнына энтузиастар келеді. Ендеше, партияны алда қыруар жұмыс күтіп тұр.
Ермек ТОҚТАРОВ,
Президент жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы