Sberbank Travel онлайн-алаңы Қазақстанда бір жылдан астам уақыт жұмыс істейді, сапарды жоспарлауға және барлық бағыт бойынша саяхаттауға көмектеседі. Сервистің ең басты артықшылығының бірі – үздік бағаларға кепілдік беріледі, себебі билеттер кез келген әуе компаниясының рейстеріне қосымша сервистік алымдарсыз сатылады.
Пайдаланушылар Sberbank Travel арқылы санаулы минутта ұшаққа билет брондап, оны сатып алып қана қоймай, көптеген елде міндетті болып саналатын сақтандыру полисін де рәсімдей алады, солайша сапар барысында өзін сақтандырады.
«Пандемияның бүкіл әлем бойынша адамдардың жоспарларына кері әсерін тигізгеніне қарамастан, елдер мен қалалар арасындағы әуе қатынасы тоқтамады. Адамдар қызмет бабы бойынша, жеке жұмыстарымен ұшады. Sberbank Travel билеттерді іздеу және сатып алу жұмыстарын жеңілдету, пайдаланушыларға барынша қолайлы, оңай әрі тиімді болу үшін жасалды. Біз осындай қиын шақта азаматтарға қолдау көрсету мақсатында қызметті пайдаланғаны үшін комиссия алудан бас тарттық. Біздің сервисіміз ақшаңызды ғана емес, уақытыңызды да үнемдейді. Бүгінде Sberbank Travel Sber KZ мобильді қосымшасында қолжетімді, енді пайдаланушылар бір ғана қосымшада көптеген операцияны жасай алады» деді «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Ернар Накисбеков.
Sberbank Travel-де жеке сұрату бойынша тарифтерді жылдам таңдауға мүмкіндік беретін арнайы қызмет бар. Сонымен бірге әуе билетін басқа адамдар үшін де сатып алуға болады.
Жақын арада бұл қызмет арқылы теміржол билеттерін де сатып алуға болады. Ал қазір әуебилетті сатып алып, барлық клиенттер үшін өткізіліп жатқан «Жаңа жылға біздің есебімізден!» акциясына қатыса аласыз. Шарттары оңай – әуе билетін Sber KZ мобильді қосымшасындағы Sberbank Travel арқылы рәсімдесеңіз, автоматты түрде акция қатысушысы атанасыз. Жүлде ретінде билет құнын қайтарып ала аласыз (қайтарылатын ең көп сома – 100 000 теңге). Акцияға қатысқан 10 жеңімпаздың есімі 4 ақпанда Сбербанктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде рандомды түрде таңдау арқылы анықталады.
Сервисті пайдалану үшін Sber KZ мобильді қосымшасын жүктеп алып, «Сервистер» бөлімін таңдау қажет. Содан кейін «Sberbank Travel-ді» басып, саяхат бағытын таңдау керек. Сұрақтар туындаған жағдайда, пайдаланушылар 24/7 тәртібінде жұмыс істейтін call center-ге +7 727 315 10 78 нөмірі немесе whatsapp +7 777 711 00 66 арқылы хабарласа алады.