Театр • 03 Наурыз, 2022

Симфониялық оркестрдің дебюті

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің алғашқы концерті өтіп, оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысып, жаңа өнер ұжымына табыс тіледі.

Симфониялық оркестрдің дебюті

«Астана Балет» театрының директоры Александр Совос­тьянов өз сөзінде аталған өнер ордасында симфониялық ор­кестрдің құрылғаны – елор­да­ның мәдени өміріндегі елеулі оқиға екендігін айта келіп: «Біз үшін бұл зор мақтаныш, үлкен жауапкершілік. Жаңа оркестрдің алға қойып отырған мақсаты көп. Алдағы таңда жетекші өнер ұйымдарының қатарына қосылып, ел мәде­ниетін жоғары дәрежеде таныту» деді ол.

Жаңа ұжымның алғашқы L’ouverture концерттік бағ­дарламасына классикалық му­зыканың бірегейлері таң­дап алынған. Айталық, бірін­ші бөлімде, көрерменге Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай» симфониялық поэмасы, К.Сен-Санстың Danse Macabre және Н.Римский-Корсаковтың «Ис­пан­дық Каприччиосы» ұсы­нылса, екінші бөлімде – Рах­маниновтың фортепиано мен оркестрге арналған шы­райлы шығармалары орын­далды. Сон­дай-ақ Қа­зақ­станның ең­бек сіңірген қай­­­раткері, талант­ты солист Әмір Тебе­нихин тамаша туындыларымен жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

− Біз құрамы жағынан кәсіби әрі жас ұжымбыз. Сон­дықтан  көрермен алдында өнер көрсету мен үшін де, музыканттар үшін де зор жауапкершілік жүк­тейді. Шынымды айтсам, осы сәтті көп­тен күтіп, өнерімізді елор­да­лық­тармен бөліскіміз келді. Бү­гінгі кеште көп орындала қой­майтын шығармаларды таң­дап, сол арқылы өзіміздің мүм­кін­дігімізді көр­сетуге ты­рыс­­тық. Бір сөзбен айт­қан­да, оркес­тр­дің өнері көрермен көңілінен шықты деп ойлаймын, − деді театр­дың сим­фониялық ор­кестрінің бас ди­рижері Арман Ораз­ғалиев.

Айта кетейік, мәдени кеш­тің өтуіне Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.