«Бөлім басшысы және оның қарамағындағы екі адам 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін жүйелі негізде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алды», деп хабарлады Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.