Президент • 03 Наурыз, 2022

Тоқаев Украина және Ресей Президенттерімен не туралы сөйлескенін айтты

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ресей Президенті Владимир Путинмен және Украина Президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгіме жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев Украина және Ресей Президенттерімен не туралы сөйлескенін айтты

«РФ Президенті Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым.

Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Украина Президенттерімен телефон арқылы сөйлескен болатын.