Жекпе-жек • 03 Наурыз, 2022

UFC басшысы Махачев-Дариуш жекпе-жегін өткізгісі келеді

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC басшысы Дана Уайт жеңіл салмақтағы ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев пен Бенеил Дариушты октагонда кездестіргісі келеді, деп хабарлайды Egemen.kz сhampionat.com-ға сілтеме жасап.

UFC басшысы Махачев-Дариуш жекпе-жегін өткізгісі келеді

Негізі екі спортшы UFC Вегас 49 турнирі аясында октагонда кездесуге тиіс болған. Алайда Бенеил Дариуш жекпе-жек уақыты таяған кезде жарақат алып, турнирден тыс қалған еді. Оның орнына Исламға қарсы октагонға америкалық Бобби Гирн шығып, Ислам Махачевтен техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Ұйым басшысы Дана Уайт екі спортшы арасындағы жекпе-жекті өткізуге әлі де ниетті екенін байқатты.

«Мен әуелден-ақ Ислам Махачев пен Бенеил Дариуш кездесуін ұйымдастырғым келген. Бұл идеяны әлі де жүзеге асыруға болады. Қысқасы, бұл шайқасты іс жүзінде ұйымдастыратын боламыз. Егер Ислам Махачев Бенеил Дариуштан айласын асырса, әріқарай бізді қызықты кездесулер күтіп тұр», деді Дана Уайт.

Дана Уайт Ислам аталмыш кездесуде қарсыласын жеңсе, оны әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек күтіп тұр дегенді осылайша тұспалдап жеткізген секілді.