«Егер сіздің көлігіңіз ақылы жол бойында сынып қалған жағдайда, біз оны бара жатқан жеріңізге тегін жеткізіп беретін боламыз. Яғни ақысыз эвакуациялаймыз. Бұл мәселе қазір қаралып жатыр. Аталған шара жоспар бойынша биыл іске қосылмақ. Қосымша хабар беріледі. Негізі жолда бұзылып қалған немесе жол-көлік оқиғасына тап болған көліктерді эвакуациялау бұған дейін де бар қызмет. Оқыс оқиға болған жағдайда біздің мамандар үнемі қол ұшын созады», деді Сәкен Әділбеков тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.
Ақылы жол бойында сынып қалған көлікті эвакуатор баратын жеріне дейін тегін жеткізіп береді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары Сәкен Әділбеков БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
Әдебиет • Бүгін, 09:20
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше