Аймақтар • 03 Наурыз, 2022

Алматы дәріханаларында есірткі препараттары сатылған

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы дәріханаларда есірткі заттарын сатудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы дәріханаларында есірткі препараттары сатылған

Алматы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетовтың айтуынша, қаладағы кейбір дәріханаларда құрамында есірткі бар препараттар кедергісіз сатылады.

«Айнабұлақ шағын ауданынағы бөлімшенің 2 қызметкері Жетісу аудандық ПІБ әріптестерімен бірге 28 жастағы азаматты ұстады. Ұсталушының айтуынша, ол препаратты аудандағы дәріханалардың бірінен сатып алған. «Дәріханалық есірткінің» тағы бір әуесқойы қаланың Алатау ауданында ұсталды. 20 жастағы азамат рецептсіз тамшы препаратын сатып алды», деді Ерлан Әлмағамбетов.