Пікір • 04 Наурыз, 2022

Уақтылы жасалған қадам

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Децентрализация – дұрыс шешім. Орталыққа тәуелді партия бюрократиялық тетіктерге байлаулы болады. Бұндай кедергілер халықтың аманат деп беріп отырған дүниелерін орындауға жол бермейді.

Уақтылы жасалған қадам

Қағазбастылық, бюро­кра­тия­лық тежеу күштерінің бар­лығы партияның жаңаша жұмыс істеуіне кесірін тигізетін ең басты дүние деп ойлаймын. Сондықтан Президенттің және  партия хатшы­лығының бастауымен партия­ның модернизациялауға деген бет бұ­рысы – уақтылы жасалған қадам.

Өз кезегімде Мәжіліс қатары­на келген жаңа депутат және пар­тияның саяси кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбектің сөзі маған қатты әсер еткенін атап өт­кім келеді. Оның ұсынып отыр­ған дүниелері өте дұрыс деп есеп­теймін. Халықтың беріп отырған аманаты, жазылатын өтініштер, шағымдар – осының барлығы үлкен ақпарат базасы. Сол ақпарат базасына сараптау жасау, сұрыптау, белгілеу, әрине белгілі бір деңгейде жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл жұмыстар қазіргі заманға сай емес. Сондықтан Саясат Нұрбектің Big Data деген терминмен енгізіліп отырған бас­тамасы өте құптарлық. Осы сараптау жұмыстары Big Data арқылы жүргізілетін болса, бүгінгі мынау шағым-арыздардың ішіндегі хаос, ақпараттық хаос орын-орнына келіп, жеке-жеке қарастыруға және жұмысты белгілі бір бағытқа қоюға, әр депутаттың мүмкіндігін дұрыс пайдалануға өзінің оң әсерін тигізеді.

 

Дана НҰРЖІГІТ,

Сенат депутаты