Пікір • 04 Наурыз, 2022

Саяси өзгерістер жаршысы

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық қаңтардың қасіретін ұмыта қойған жоқ. Партия құрылтайында көтерілген көптеген мәселе мен қаңтар оқиғасына түрткі болған әлеуметтік шиеленістің тамыры ішкі саясаттағы әрі қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынастағы дағдарыста жатқаны анық.

Саяси өзгерістер жаршысы

Партияның кезектен тыс съезінің басты жаңалығы ұйым атауының Amanat деп өзгертілуі болды. Көпшілік мұны жылы қабылдады.

Президент саяси рефор­маларды жариялауды 16 нау­рызға жоспарлап, партияның ішкі құрылымдарына жаңа сая­си модельге өтуге екі апта уа­қыт бергені белгілі. Қалып­ты сая­си жүйені жаңарту бір күн­дік яки бір айлық мәселе емес, бірізділікпен табанды түрде жүзеге асыруды талап етеді.

Сонымен қоса партияның жаңа атауы Аmanat қоғамда пікірталас тудырғаны рас. Дегенмен мақсат партияның атауын ғана өзгерту емес, құры­лымын, жұмыс стилін, ха­лық­пен байланысын қайта қарау жаңғырту аса маңызды.

Бұл қадамды алдағы сая­си өзгерістердің алғашқы жар­шысы ретінде қабылдаған абзал. Сол себепті бұл съезді то­лық­қанды саяси оқиға деп ба­ғалауға әлі ерте болар. Жа­қында Президенттің сая­­си реформалар жөніндегі жоспары жарияланады. Сол кезде еліміздің саяси аренасындағы соңғы өзгерістердің логика­лық тізбесін қарап, белгілі бір пікір қалыптастыруға болады. Десе де жастар бұл шешім­дердің елімізде үлкен саяси өз­герістерге жол ашқанын көргісі келеді.

 

Уәлихан БАХРЕТДИНОВ,

«Ұлан-ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі