Пікір • 04 Наурыз, 2022

Аты да, заты да жаңғырса

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясының Amanat аталуы елді елең еткізді. Өйт­кені бұл атауға ие болған партияның арқалар екі үлкен жауап­­кершілігі бар.

Аты да, заты да жаңғырса

Біріншіден, ата-бабалар аманаты. Тарих туын көтеріп, ұлан-ғайыр атамекенімізді, сұңғыла салт-дәстүрімізді, төгілген тілімізді, таза дінімізді аманат еткен бабалар алдындағы аманат. Екіншіден, үлкен жауапкершілік. Ата-бабалар аманатын осынау ұлан-ғайыр рухани байлықты төкпей-шашпай келер ұрпаққа ұсыну, олардың жадына сіңіру жауапкершілігі. Осы екі үлкен жауапкершілік Amanat партиясының иығына түскен ауыр жүк болмақ. Қазақ деген халықтың өткені мен келешегі үшін бүгін көтерер жүк болмақ. Осындай жүк көтеріпті билік партиясы.  Ауыр жүк. Осы жүкті көтере алса, жемқорлық деген дертті жеңе алса, Қазақстан үшін «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай» тер төге білсе партия Жаңа Қазақстанды құруға жаңа қадам жасай алады дейміз. Олай болмаса, жағдайы тым қиын болмақ. Осы қиындықтарды жеңіп шыққай, деген тілек білдіреміз. Партияның аты ғана емес, заты жаңарғай деп тілейміз!

 

Смағұл ЕЛУБАЙ,

жазушы